Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінген азаматтың ағзасынан инфекция анықталмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Бүгін 4 наурызда Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігінің қолдауымен осыған дейін COVID-19 вирусын жұқтырды деген азаматымыз коронавирус бар-жоқтығын анықтауға қажетті барлық анализдерді тапсырды", - делінген ресми хабарламада.
Осылайша, ауруларды бақылау мен алдын-алу жөніндегі корей орталығының хабарлауынша біздің отандасымыздың анализ нәтижелері вирустың жоқ екенін көрсеткен.
Аталған азамат өз тестінің нәтижелерімен таныстырылыпты.
stan.kz