KZNews.kz
Шоу-бизнес

Оңтүстік Кореяда жүздеген адамдар бетперде алу үшін кезекке тұруда - Қазақстан жаңалықтары

Данияр

Жүздеген оңтүстік кореялықтар елдегі коронавирустық індеттің эпицентріне айналған Тэгу қаласында бетперде алу үшін ұзын-сонар кезекте тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=TLr-_HUGflo[/embed]

Індетті жұқтырғандар саны бойынша Оңтүстік Корея Қытайдан кейін екінші орында тұр.

22 ақпанда билік 229 жаңа инфекция туралы жариялады, ал коронавируспен ауыратындардың жалпы саны 433-ке жетті.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ким Ган Нип вирустың таралуы "ауыр деңгейге жетті" деп мәлімдеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша аурудың 1200-ден астам жағдайы Қытайдан тыс 26 елде тіркелген.


stan.kz
Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →