Жүздеген оңтүстік кореялықтар елдегі коронавирустық індеттің эпицентріне айналған Тэгу қаласында бетперде алу үшін ұзын-сонар кезекте тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=TLr-_HUGflo[/embed]
Індетті жұқтырғандар саны бойынша Оңтүстік Корея Қытайдан кейін екінші орында тұр.
22 ақпанда билік 229 жаңа инфекция туралы жариялады, ал коронавируспен ауыратындардың жалпы саны 433-ке жетті.
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ким Ган Нип вирустың таралуы "ауыр деңгейге жетті" деп мәлімдеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша аурудың 1200-ден астам жағдайы Қытайдан тыс 26 елде тіркелген.
stan.kz