Екі күн бұрын Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында әжесінің бақилық болғаны туралы жазып, қариямен бірге түскен суретін жариялады. Әнші желіде кезекті жазбасын бөлісіп, бұл қайғының өздеріне ауыр тиіп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, әнші өзіне қолдау білдіріп, демеу сөздер жазған оқырмандарына алғыс айтты.
"Барлық қайғымызға ортақ болып жатқан ағайын-дос, таныстарға үлкен рахмет! Алла сіздерге әжемнің жасын және жолын берсін! Әумин!" - дейді ол.
Желі қолданушылары өз кезегінде әншінің қайғысына ортақ екенін жазды. Сондай-ақ, жылы тілегін жарыса жеткізді.
"Гүлзира – ең бақытты ана. Анасының алақанын осы кезге дейін сезіну – ең үлкен бақыт. Жұмақтың төрін нәсіп етсін!", "Амал дәптері оң жағынан келсін! Біздерге шапағатшы болуын жазсын", "Арты қайырлы болсын! Жасын біздерге берсін! Әумин" деп жазды желі қолданушылары.
stan.kz