"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Он алты мыңнан астам қазақстандық төтенше жағдай режимін бұзды

Он алты мыңнан астам қазақстандық төтенше жағдай режимін бұзды

Инфекция жұқтырғандармен байланыста болған азаматтарды анықтау және табу жұмысы жүргізіліп жатқаны хабарланды

АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 16 мың адам ұсталды, деп мәлімдеді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

"16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 16 мыңнан астам азамат ұсталды, оның ішінде 12 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 4 мыңнан астам материал сот өндірісінде қаралып жатыр", - деді министр.

Сонымен қатар инфекция жұқтырғандармен байланыста болған азаматтарды анықтау және табу жұмысын ішкі істер министрлігі жүргізіп жатыр.

"Денсаулық сақтау органдарының сұрауы бойынша полиция алты жарым мыңнан астам адамның орналасқан жерін анықтады. Қазір іздеу шаралары тек 7 адам бойынша жүргізіліп жатыр", - деді Абаев.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігінің тауарлармен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев инфекция жұқтырғандармен жақын байланыста болған және байланыста болуы мүмкін адамдар саны 47 839-ға жеткенін айтты. Бұл адамдардың 98, 5%-і анықталып, үй карантиніне жатқызылды.

Қазақстанда төтенше жағдай 16 наурызда енгізілді, ол 11 наурызға дейін жалғасады. Ресми ақпаратқа сәйкес, елде инфекция жұқтырғандар саны 2 835 адамға жетті.


sputniknews.kz
Автор
Данияр