Ауруханаға түскені белгілі болған танымал продюсер Нұрлан Қоянбаевтың қазіргі жағдайы туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды kznews.kz.
Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына үн қатып, алаңдаушылық білдірген жандарға алғыс айтты.
"Қолдауларыңызға рақмет. Бәрі жақсы болады. Денсаулық – ең үлкен байлық, ең қымбат сыйлық, ең басты капитал. Бірақ кейде біз соны ұмытып кетеміз. Көңіл күймен жүр. Саяхатта. Арманда. Өмір бір рет беріледі. Оны ренішпен емес, ризашылықпен өткіз", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары продюсерге тезірек сауығып кетуін тілеп, жылы лебіздерін білдіруде. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты екені айтылып отыр.