Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұрлан Қоянбаев әр сәрсенбіні “Қазақстан күні” деп жариялауды ұсынды

Нұрлан Қоянбаев әр сәрсенбіні “Қазақстан күні” деп жариялауды ұсынды
Фото: Бауыржан Бисмилдин

Threads әлеуметтік желісінде продюсер әрі актер Нұрлан Қоянбаев ерекше бастама көтерді. Ол әр сәрсенбіні “Қазақстан күні” деп жариялап, осы күнді ел бірлігін нығайтуға арналған бейбіт әрі позитивті күн ретінде белгілеуді ұсынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қоянбаевтың айтуынша, сәрсенбі күні қазақстандықтар бір-бірімен сөзге келмей, дау-дамайсыз, жай ғана тыныштық пен өзара құрметті сақтау керек. Ол халықты осы күні еліміз туралы жағымды пікір, жылы лебіз және қуанышты жаңалықтар бөлісуге шақырды. Продюсердің пікірінше, аптаның дәл ортасында осындай позитивті бастама адамдардың көңіл-күйін жақсартып, қоғамдағы қажетсіз айғай-шуды азайтуға ықпал етеді.

Нұрлан Қоянбаевтың ұсынысы желі қолданушылары арасында талқыға түсті. Оның жазбасына өнер өкілдері де үн қосып, әртүрлі пікір қалдырды. Әнші Жазира Байырбекова әзіл-шыны аралас түрде: "Немесе аптасына 1 күн ғана ұрысуға рұқсат берейік" деп өз ойын білдіріп, желі қолданушыларының көңілін көтерді.

Желіде бұл бастамаға қолдау білдіргендер де, әзілмен қабылдағандар да бар. Дегенмен Қоянбаевтың ұсынысы қоғамда тыныштық пен позитивтің маңызын тағы бір мәрте атап өтуге себеп болды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.