Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Жолда абай болыңыздар": Әзілкеш Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды (ФОТО)

"Жолда абай болыңыздар": Әзілкеш Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды (ФОТО)
ашық дереккөзден

Белгілі актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желідегі соңғы жарияланымымен жұртшылықты алаңдатып қойды, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі Instagram сторисінде аурухана палатасында жатқан сәтін бөлісті. Суретте ол ақ көрпе жамылып, төсек жанындағы тұтқадан ұстап отырған күйде көрінеді.

Жазбаның астына "Жолда абай болыңыздар" деген қысқа ғана ескерту қалдырған. Осы сөздерден кейін әлеуметтік желі қолданушылары арасында актер жол-көлік оқиғасына ұшыраған болуы мүмкін деген болжамдар айтыла бастады.

Қазіргі уақытта Қоянбаевтың нақты қандай себеппен ауруханаға түскені жөнінде ресми мәлімет берілген жоқ.

Айта кетейік, Нұрлан Қоянбаев – көпшілікке продюсер, актер және тележүргізуші ретінде танымал. Оның Instagram парақшасына шамамен 2 миллионға жуық адам тіркелген. Соңғы жылдары ол желідегі белсенді әрі ықпалды тұлғалардың біріне айналды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер