Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Өмір бақиға ұйықтатамын": Желіде оқушыны ұрған офицер-тәрбиешінің видеосы тарады

"Өмір бақиға ұйықтатамын": Желіде оқушыны ұрған офицер-тәрбиешінің видеосы тарады

Семейде 8-сынып оқушысын басынан ұрған офицер-тәрбиеші қызметтік тергеу нәтижесінде сөгіс алған.

Ол 2022 жылдың қараша айында 8-сынып оқушысы басына ұрған.

Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде 2022 жылдың қараша айында түсірілген видео анықталған.

“Видеода офицер-тәрбиеші А.К.С студент Р.Д.Т-ға қарсы күш қолданғаны анық көрсетілген. Тәрбиеші педагогикалық әдеп кеңесіне шақырылып, оған сөгіс түріндегі тәртіптік жаза тағайындалды”, – деп хабарлады Абай аудандық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Анықталғандай, офицер-тәрбиеші оқушыға өз бетінше дайындық кезінде үлгерімі үшін сөгіс жариялап, артынша оның желке тұсынан алақанымен екі рет ұрған.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі оқушының денсаулығына ешқандай зиян келтірмегенін және медициналық көмекке жүгінбегенін, ал оқушының ата-анасы мұғалімге ешқандай арыз жазбағанын атап өтті.

«Сонымен қатар мұндай әрекеттердің алдын алуға бағытталған білім беру қызметкерлерімен жалпы жиналыс өткізілді. Лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен әлеуметтік педагогке қызметкерлермен профилактикалық жұмысты күшейту тапсырылды», – деп атап өтті білім басқармасында.
Автор
Айбар

Журналист