KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Олжас Абайдың биі мен харизмасы желі қолданушыларын ерекше тәнті етті

• Айжан Сыланова
Фото: sn.kz

Актер Олжас Абайдың би билеген видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. «Соңыра» фильмінің актерлері танымал трендке қатысып, би қимылдарын видеоға түсірген, деп хабарлайды kznews.kz.

Актриса бірге билеген жігіттерді мақтап, Олжас Абайдың қимылына ерекше назар аударған.

«Соңыраның» краштары. Менің жігітім биді жыртып тұр», – деп жазды Дариға Бадықова.

Желі қолданушылары да актердің биіне жоғары баға беріп, оның қимылы мен харизмасын атап өтті.

«Дариғаның күйеуін-ай. Қалай жеңіл қимылдайды. Харизмасы білінеді», – деп жазды оқырмандар.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →