Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Өлтіріп, өзенге лақтырып кеткен": Атырауда 5 күн бұрын жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

"Өлтіріп, өзенге лақтырып кеткен": Атырауда 5 күн бұрын жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Атырауда бес күн бұрын жоғалып кеткен 23 жастағы қыздың мәйіті табылды.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, қыз 18 қазан күні сағат 22.00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған. Кейін анасы полицияға қызының жоғалып кеткені жөнінде хабарлаған.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бойжеткенді танысы өлтіріп, серіктесімен бірге қыздың мәйітін өзенге лақтырып кеткен.

Полиция қызметкерлері кісі өлтіру фактісін растап, екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Ұрлау" және "кісі өлтіру" баптары бойынша қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу басталды. 24 және 25 жастағы екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген облыстық ПД мәліметінде.

фото: pricom.kz
Автор
Айбар