Қоғам

“Өлім кондиционерден болған жоқ”: Атақты заңгер марқұм Ұлдана туралы ел күтпеген мәлімдеме жасады

“Өлім кондиционерден болған жоқ”: Атақты заңгер марқұм Ұлдана туралы ел күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: Алаш коллажы

Көпшілікке белгілі заңгер Мейірман Шекеев Астанада көз жұмған фельдшердің өліміне қатысты әлеуметтік желіде пікір білдіріп, істің шынайы мән-жайын ашуға шақырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Заңгердің айтуынша, марқұм фельдшер Ұлдананың өмірін қиған оқиғаға кондиционер емес, ғимараттың қасбетінде тұрған кірпіштердің құлауы себеп болған.

«Істі неге бұрмалауға тырысты? Бұл — бәріміз ойланатын сұрақ. Оқиға орнына барып, куәлардан жауап алып, бар деректі өзім сараптағаннан кейін бір нәрсе анық болды: Ұлдана кондиционердің астында қалған жоқ. Оның өліміне ғимараттың қасбеттен құлаған кірпіштері себеп болған», — деп жазды ол.

Шекеевтің айтуынша, бұл жағдай қарапайым кездейсоқтық емес, қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзылуы мен жауапкершіліктен жалтарудың салдары.

«Бұл — салғырттықтың нәтижесі. Біреулер істі жауып, кінәні басқа жаққа бұруға тырысқан сияқты. Бізге өтірік емес, шындық керек. Біз үнсіз қалмаймыз. Ұлдана үшін, оның отбасының әділдікке жетуі үшін соңына дейін барамыз. Әділдікке қол жеткіземіз. Сіздердің қолдауларыңыз да осы істің әділ шешілуіне маңызды», — деп жазды заңгер.

Оқиға қоғамның қызу талқысына түсіп, фельдшердің өліміне қатысты толық әрі ашық тергеу жүргізу талаптары күшейіп отыр.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz