Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Марқұм болған астаналық фельдшердің отбасына қандай көмек көрсетілетіні айтылды

Марқұм болған астаналық фельдшердің отбасына қандай көмек көрсетілетіні айтылды
Фото: әлеуметтік желіден

Еңбек вице-министрі Асқарбек Ертаев Мәжіліс кулуарында Астанадағы үйдің қасбеті құлап, қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Асқарбек Ертаевтың сөзінше, қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр және барлық қолдау шаралары тергеу аяқталғаннан кейін белгіленеді.

“Комиссия жұмыс берушінің жауапкершілігін қарастырып жатыр. Егер қыздың баласы немесе жұбайы болса, олар асыраушысынан айырылу бойынша төлем алуға құқылы”, – деді Ертаев.

Сондай-ақ марқұмның зейнетақы және әлеуметтік жарналары болған жағдайда, отбасына жерлеу шығыны ретінде 95 АЕК (373 540 теңге) мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

Бұдан бөлек, егер сақтандыру рәсімделген болса, сақтандыру компаниясы еңбекке қатысты жазатайым оқиға бойынша келісімшартқа сәйкес төлем жасауға міндетті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.