6,6 млрд юань: Қазақстан "панда-облигация" нарығында рекорд орнатты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Өлген қызымды қайтар”: Марқұм Мадинаның анасы Мадиярмен кездесті (ВИДЕО)

«Өлген қызымды қайтар”: Марқұм Мадинаның анасы Мадиярмен кездесті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысының Меркі ауданында қаза тапқан 19 жастағы Мадинаның анасы қызының өліміне қатысты іс бойынша күдікке ілінген Мадияр есімді азаматпен кездесті. Кездесу кезінде анасы көз жасына ерік берген, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы журналист Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, Мадинаның анасы күдіктімен жүздескен кезде қызынан айырылғанына күйініп, ауыр сөздер айтқан.

«Қызымды қайтар! Өлген қызымды қайтар!» – деп жылағанын жеткізді журналист.

Мадинаның өліміне қатысты істің ресми нұсқасы бойынша, 19 жастағы қыз өзіне қол жұмсаған. Алайда марқұмның жақындары бұл нұсқамен келіспей, оқиғаның мән-жайын толық әрі әділ анықтауды талап етіп келеді.

Жан Ахмадиевтің мәліметінше, іс бойынша сот-медициналық сараптаманың қорытындысы дайын болған. Қазір құжаттарды заңгерлер қарап, істің бұдан арғы бағыты бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.