Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Өлең: Қадыр Мырза Али (Мешін және Адам) » ZHARAR

Өлең: Қадыр Мырза Али (Мешін және Адам) » ZHARAR


— Бала мешін қаршадай
Бос белбеу боп өседі.
Жұмыс істеп шаршамай
Жеңіл тұрмыс кешеді.
Суық ұрып лезде
Сойқанды бір салады.
Талай мешін сол кезде
Талғажаусыз қалады.
Сендер бірақ секеңдеп,
Сүзілмеңдер басқаға.
Туған жерді мекендеп,
Тұрғызыңдар баспана.
Жандарыңды қинаңдар
Жаздың жылы шағында.
Алдын ала жинаңдар
Азық-түлік жағын да!—
Ауру мешін осыны
Азар-азар айтыпты.
Сосын қатты қысылып,
Дүниеден қайтыпты.
Тұңғышының бірақта
Жар бермей бір желкесі,
Өсиетін әруақтың
Орындапты кенжесі.
Қадыр тұтқан еңбекті
Қара басын аяп па?!
Әсте тыным бермепті
Алдыңғы екі аяққа.
Жақын тұтып жұмысты,
Жалқаулықтан жеріпті.
Миуалы, жемісті
Бақ өсіріп көріпті.
Күнге қақтап балықты,
Бос уақытта кұс аулап,
Қолға үйретіп алыпты
Кейбір аңды тұсаулап.
Жұлқыссам деп кезінде
Жауларыммен қауіпті,
Шоқпар атты өзіне
Қару да ойлап тауыпты.
Болсын деп бір қуысым,
Баспанасын тұрғызып,
Түгел жинап туысын,
Той жасапты ду-қызық.
Сөйтіп жүріп, досым-ай,
Талай мезгіл өтіпті.
Алғыр мешін осылай
Адам болып кетіпті.
Табиғатпен таласып,
Талабын ол танытты.
Бірақ жалқау ағасы
Мешін күйде қалыпты.
Кім біліпті!
Шешімге
Келу қиын адамға.
Жалқаулардың мешінге
Ұқсайтыны содан ба?!



Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com
Автор
Данияр