"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ол Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Ол Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Саясат

Қысқа сілтеме алу

660 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин 19 наурыз күні телефонмен хабарласты

АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik. Ресей Федерациясы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың телефонмен сөйлескенін мәлімдеді.

Песковтың айтуынша, сейсенбі күндіз Назарбаев пен Путин телефонмен хабарласқан. Алайда әңгіменің не жайлы өрбігені туралы ақпарат жоқ, деп жазады РИА Новости. 

Еске салсақ, сейсенбі күні кешке Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Сондай-ақ ол мемлекет басшысының өкілеттігі сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілетінін айтты.

Сенат төрағасы президент міндетін атқарады

Елде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев – Елбасы кеңсесі пайда болады және Назарбаевтың шешімімен Елбасының көмекшісі де тағайындалды. Бұл қызметті Абай Бисембаев атқаратын болады.

Сондай-ақ Назарбаев президент лауазымындағы соңғы жарлығына қол қойды.


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан