Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"ӨКМ Операторының" түпкі бенефициары Әлия Назарбаева деп көрсетті - депутат

"ӨКМ Операторының" түпкі бенефициары Әлия Назарбаева деп көрсетті - депутат

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Amanat партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің Атырау қаласында өткен көшпелі отырысы барысында куәгерлер ӨКМ Операторының түпкі бенефициары Әлия Назарбаева деп көрсеткенін айтты, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Ол партия жанындағы Кеңестің мүшелері республикаға белгілі заңгерлер, мемлекет қайраткерлері мен қоғам белсенділері және депутаттар екенін алға тартты. Оның айтуынша, жемқорлыққа қарсы кеңес өз жұмысы барысында тек өңірлердегі проблемаларға ғана емес, елімізде азаматтар кең талқылап жүрген ең резонас мәселелерге баса мән береді. Осы орайда Кеңес төрағасы жиналғандардың назарын ӨКМ Операторына қатысты мәселеге аударды.

"Әділетті Қазақстанның кірпіші заңды орындаудағы шындықтан құралады. Барлығы заң және заңды құқыққа сәйкес болуы керек. Баршамызға белгілі жақында РОП деп аталатын ұйым басшыларының бірқатары қылмыстық жауапқа тартылды. Сот барысында көптеген куәгерлер жемқорлыққа қаржының түпкі бенефициары Әлия Назарбаева деп көрсетті. Бірақ сот та, Бас прокуратура өкілдері де сот процесінде бұл азаматтардың уәжіне ешқандай назар аудармады. Егер Қазақстанда әділетті қоғам орнатамыз десек, әрбір азамат өзінің кінәсіздігін сотқа келіп дәлелдеуі қажет", - деді депутат.

Сондай-ақ, ол азаматтардың уәжін міндетті түрде Бас прокуратураға жеткізетінін және бұл мәселе Кеңестің бақылауында болатынын алға тартты.
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары