Ойла да, ойна! - Ашық сабақтар - Bilim
Ойла да, ойна!
Сабақтың тақырыбы: "Ойла да, ойна!"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Оқушылардың алған білімдерін арттыру,өткен тақырыптар
бойынша білімдерін тереңдету.
Дамытушылық - Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,ойлау,есте
сақтау , ауыз-екі сөйлеу дағдыларын
дамыту, сөздік қорын молайту,
тілдік коммуникативтік құзыреттілігін
дамыту.
Тәрбиелік - ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Ізденімпаздыққа, топпен жұмыс істей білуге
баулу.
Түзетушілік- Сөйлемдегі сөздердің дыбысталуын,
дыбыстардың анық шығуын , дұрыс айтылуын
қадағалау.
Көрнекілігі : Интерактивті тақта, бағалау фигуралары, постер қағазы, суреттер, сөздіктер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
Кезекші дыбыспен жұмыс. Ж- Ш дыбыстарын айту.
Суретке қарап, астына атын жазу.
Психологиялық дайындық.
Шаттық шеңбері. Күн болып біз күлеміз,
Шуақ боп жайнап жүреміз.
Денемізді шынықтырып,
Ұзақ өмір сүреміз.
2. Жаңа сабақ . Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы "Ойла да, ойна!". Сабақ жарыс түрінде өтіледі. Оқушылар қораптан өздеріне ұнайтын конфетті тандап алады. Конфет қағазының түсіне қарай балалар екі топқа бөлінеді.
1-топ "Тұлпар"
Ұраны "Құлагердей шаршамастан шабамыз,
Қиналмай-ақ сұрақтардың жауаптарын табамыз."
2-топ "Сұңқар".
Ұраны " Асықпаймыз ,саспаймыз"
Топ намысын қорғаймыз"
Тапсырманы түсіндіру.
1. Ой ширату.
2. Бингвистикалық сыңарын табу.
3.Бұл қай мультфильм?
4."ВЕНН" диаграммасы.
5.Ойын. "Кубик-рубик".
6. Топтық жұмыс." Суретті аяқта"
Әр тапсырманың жауабын бағалап отыру.
1. Ой ширату. Сұрақ - жауап.
1.топ.
1.Бір жылда неше мезгіл бар?
2. Спорттық ойындарды ата?
3. Үй құстарын ата?
4. Қ.Р. Президенті?
2-топ.
1.Көктем айларын ата?
2. Үй жануарларын ата?
3. Отбасы мүшелерін ата?
4. Қ.Р. Рәміздері?
2.Бингвистикалық сыңарын табу.
1 топ. 2 топ.
Нан - хлеб Вилка - шанышқы
Мяч - доп Қызанақ - помидор
Су - вода Ложка- қасық
3. "ВЕНН" диаграммасы.
1 топ. Алма
2 топ. Алмұрт
Сипаттама жасау.
4.Бұл қай ертегі?
1 топ. " Алдар көсе"
2 топ. " Қошқар мен теке"
5. Сергіту сәті.
6. Топтық жұмыс. "Суретті аяқтау".
7.Ойын. "Кубик- рубик?
Қорытынды.
Әділ- қазылар алқасына сөз беру. Мақтау қағаздарымен марапатау.
Сұрақ-жауап бойынша сабақты аяқтау.
- Балалар сендерге сабақ ұнады ма?
- Біз сабақта не істедік?