"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Одан әрі созбаймыз». Дональд Трамп Қазақстанға 1 тамызға дейін уақыт берді

«Одан әрі созбаймыз». Дональд Трамп Қазақстанға 1 тамызға дейін уақыт берді

АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылғы 1 тамызда күшіне енетін баж салығының мерзімін одан әрі созбайтынын ескертті. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіне жазды, деп хабарлайды Kznews.kz

«Кеше және бүгін бірқатар елдерге жіберілген, сондай-ақ жақын күндері жіберілетін ресми хаттарда көрсетілгендей, тарифтер 2025 жылғы 1 тамыздан бастап төленуі тиіс. Бұл мерзім өзгермейді және өзгертілмейді», – деп жазды Трамп.

Ол, сондай-ақ, ешқандай қосымша уақыт берілмейтінін қатаң ескертті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп Қазақстан тауарларына 25 пайыздық кедендік тариф енгізетінін хабарлаған. Ол бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған хатында жазған.

8 шілде күні ҚР Сауда және интеграция министрлігі ресми мәлімдеме жасап, Трамптың салығы қазақстандық экспорттың шамамен 95 пайызына әсер етпейтінін атап өтті. Ведомство мәліметінше, Қазақстан АҚШ-қа негізінен мұнай мен металдар экспорттайды, ал жаңа баж салығы азық-түлік пен дайын өнімдерге қатысты болуы мүмкін.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.