KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“О дүниеге барып келдім": әнші Құдайберген Бекіш басынан өткен ауыр жағдай жайлы айтты

• Данияр

Қазақстандық эстрада жұлдызы Құдайберген Бекіш пандемия кезінде басынан ауыр жағдай өткенін айтып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі қатты сырқаттанып, өлім аузынан аман қалған, деп жазады /Kaz.nur.kz.

Құдайберген Бекіш коронавирус шарықтап тұрған кезде қатты ауырып, ауруханадан бір-ақ шыққан. Бұл туралы әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты. Өнер иесі өзін өлім аузынан аман алып қалған дәрігерлерге алғысын білдірді.

"2021 жылы коронавирус кезінде қатты ауырдым. Бұл сырымды айтпап едім. Ауырып, о дүниеге барып келдім. Маған "қайтпайтын шығар" деп айтты. Бірақ әуелі Алла, сосын ақ халатты абзар жандардың арқасында аман-есен қалдым. Сол кезде өмірдің мәнін білдім. Қайран өмір-ай. Бір кездері таласып жатамыз, бір нәсе жетпей жатады, ұрысамыз, керісеміз. Өмір деген өткінші екен ғой. Өмірге деген көзқарасым сол кезде жүз пайызға өзгеріп кетті. Өмір деген бір-ақ рет қана беріледі. Оны бақытты етіп сүру өз қолыңда", - деді Құдайберген Бекіш.

Скрин: “ұйқым келмейді” бағдарламасынан
Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →