Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше мемлекетке елшілерді тағайындады - Қазақстан жаңалықтары

Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше мемлекетке елшілерді тағайындады - Қазақстан жаңалықтары

Бүгін, 18 наурызда, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар мемлекетке елшілерді тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметіне;

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне;

Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды», - делінеді хабарламада.

Айта кетсек, сондай-ақ, бұрынғы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Швеция корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне келді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз


stan.kz
Автор
Бауыржан