KZNEWS.KZ
Танымал

Нұрлан имам кәсіпкерге шапан жапты

• Айжан Сыланова

Әдетте жұрт имамдарға құрмет ретінде шапан сыйлайтын болса, бұл жолы жағдай керісінше өрбіді. Имам өзі кәсіпкерге шапан жауып, оны ерекше құрметке бөлеген.

Желі қолданушыларының айтуынша, мұндай сый-құрмет кәсіпкердің қоғамдағы орны мен еңбегінің бағаланғанын көрсетеді.

«Көпшілік имамдарға шапан жапса, менің имамым маған шапан жапты», – деп пікір білдірді кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов.

Ал әлеуметтік желі қолданушыларының бірі: «Жаным-ай! Нұрлан ағамыздың келіп, шапанды жауып беруінің өзі бөлек өнер ғой!» – деп жазды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →