Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш Құдайберген Джеки Чанмен кездесіп, актерге шапан жапты (фото) - новости Казахстана

Димаш Құдайберген Джеки Чанмен кездесіп, актерге шапан жапты (фото) - новости Казахстана

Әнші Димаш Құдайберген атақты актер Джеки Чанмен кездесіп, тағы да қазақтың шапанын сыйға тартқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Скриншот Димаштың іnstagram парақшасынан алынды

Әнші әйгілі актермен кездесуі жайлы өзінің Instagram парақшасында жазды. Димаш бұл жолы атағы жер жарған Джеки Чанның қарапайымдылығына таңдай қаққан.

"Джеки ағаның қарапайымдылығы туралы айтпаса да белгілі. Бала кезден сүйіп өскен актерім маған әрдайым көріскенде батасын беріп, жол сілтеуден тайынбайды.
Бүгін ағамыздың жаңа үнтаспасының тұсаукесерінде болдым. Қолымда Джеки ағаның берген сыйлығы. Дәстүріміз бойынша қазақстандық заманауи шапанды кигіздім.
Көңіліңізге, пейіліңізге үлкен рахмет. Күллі әлемді аузына қаратқан кісінің осыншалық қарапайым болып жүргендігі қатты қуантады. Ұзақ ғұмыр тілеймін", - деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген мен Джеки Чанның алғашқы жүздесуі 2017 жылдың ақпан айында болды. Қазақстандық әншінің өнеріне тәнті болған актер Димашты кездесуге өзі шақырған.

Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали

Тағы да оқыңыздар

Автор
Мадияр