Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұрғиса Тілендиевтің жары дүниеден өтті

Нұрғиса Тілендиевтің жары дүниеден өтті

Белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева қайтыс болды.

Суыт хабар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, талантты актриса, күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиеваның өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтамыз. Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі. Ол Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік жары ғана емес, сазгердің шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген тұлға болды. Дариға Тілендиева «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Алты жасар Алпамыс», «Құлагер», «Ақ машина», «Жамбылдың жастық шағы», «Қоштасқым келмейді» сынды көркем фильмдері арқылы, ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды. Оның өнері мен рухани мұрасы қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады», – деп жазды оркестр ұжымы.
Автор
Данияр

Журналист