Біліксіз ұстаз бен білімсіз оқушы: түркістандық түлектер ұлттық сынақтан қалай сүрінді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұралы Әліп "Зенит" клубының капитаны ретінде алғаш рет алаңға шықты

Нұралы Әліп "Зенит" клубының капитаны ретінде алғаш рет алаңға шықты

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Санкт-Петербургтің "Зенит" командасының қорғаушысы Нұралы Әліп алғаш рет ресейлік клуб сапында капитандық міндетті атқарды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл оқиға Ресей кубогының топтық кезеңіндегі матчта тіркелді. "Зенит" Грозный қаласында жергілікті "Ахматпен" кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Дәл осы ойында мәскеулік команданы жасыл алаңға капитан ретінде Нұралы бастап шықты.

Ал "Ахмат" сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов ойынға қатысты.

Өз кезегінде "Зенит" клубының баспасөз қызметі Instagram парақшасында: "Зенит" тарихындағы алғашқы қазақстандық капитан" деп жазба қалдырды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.