"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтандағы сауда орталығында көз жұмған әйел: Оқиға жайлы жаңа деректер айтылды - Қазақстан жаңалықтары

Нұр-Сұлтандағы сауда орталығында көз жұмған әйел: Оқиға жайлы жаңа деректер айтылды - Қазақстан жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда сауда орталығында қайтыс болған әйел туралы жаңа деректер айтылды. "Әлем" сауда орталығының әкімдігі марқұмның 70 жаста болғандығын және ол құлап қалған сәтте оған көмекке қызметкерлер келгенін айтыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

"Қайтыс болған кейуана сауда орталығына жиі келетін клиенттердің бірі болатын. Мекеменің қызметкерлері оның созылмалы ауруға шалдыққаны жайлы хабардар екен. Қызметкерлердің сөздерінше, әжей кенеттен жерге құлап түскен", -дейді сауда орталығының басшысы Аслан Таңғиев. 

Айтуынша, қызметкерлер алғашқы көмек көрсетпекші болып, қолдарынан келгенін барлығын жасапты. 

"Қызметкерлер әйелдің дене қызуын тексерген, бірақ оның дене температурасы қалыпты болған. Жедел жәрдем келгенше әжейді құтқарып қалуға бар күштерін салған, алайда оның өмірін алып қалу мүмкін болмады. Жедел жәрдем дәрігерлері кейуананың қайтыс болғанын айтты. Содан кейін полицияға хабар бердік", - деп қосты сауда орталығын директоры. 

Дәрігерлер азаматшаның неден қайтыс болғаны туралы ақпаратты 28 наурыз күні жариялаймыз деп айтыпты. 

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда белгісіз себептерден бақилық болған әйел жайлы айтылған еді. 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан