«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтандағы қарттар үйінде коронавирус жұқтырғандардың саны артты

Нұр-Сұлтандағы қарттар үйінде коронавирус жұқтырғандардың саны артты

"Шарапат" әлеуметтік орталығында 380 адам тексерістен өтті.   Олардың 18-і коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Елорданың денсаулық сақтау басқармасы қарттар үйіндегі тексерістің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Басқарма басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен тұрғындары арасында тексеріс шаралары жүргізілген.

"Осылайша "Шарапат" әлеуметтік орталығында 380 адам тексерістен өтті. 306-сы – сол жерде тұратын адамдар болса, 74-сі – қызметкерлер. Олардың ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 18 адам анықталды. Барлығы тиісті хаттама бойынша ем алып жатыр", - деді Қисықова бүгінгі онлайн брифингте.

Айта кеткен жөн, бұған дейін "Шарапат" әлеуметтік орталығында 7 қызметкерден COVID-19 инфекциясы табылған болатын.

Тұмаудың белгілері байқалса, не істеу керек – Қисықова тұрғындарға кеңес берді

Ал Ақмола облысына қарасты тағы бір қарттар үйінде 38 қариядан және 3 қызметкерден коронавирус табылды. Бұл мекеме астанаға жақын жерде орналасқан.


sputniknews.kz
Автор
Айбар