Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтанда тоғыз қабатты үйден өрт шықты: 4 бала ауруханада жатыр

Нұр-Сұлтанда тоғыз қабатты үйден өрт шықты: 4 бала ауруханада жатыр

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Оқиға орнына алты минутта жеткен өрт сөндірушілер жалынды тез ауыздықтаған

НҰР-СҰЛТАН,  28 сәуір — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 5 адам зардап шекті, оның төртеуі – бала, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

28 сәуір сағат 09.58-де Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі тоғыз қабатты үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетеді.

"Олар жеткенде 9 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің жатын бөлмесінде жиһаздар, төбе жабындысы жанып жатқан. Өрт шарпыған аумақ 8 шаршы метр. Жалын сағат 10.10-да ауыздықталды", - деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Пәтерде болған 31 жастағы әйел, 7 жасар ұл бала, 2 және 5 жасар үш қыз бала көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жеткізілді.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оны сөндіруге барлығы 7 техника мен 26 адам жұмылдырылған.


sputniknews.kz
Автор
Санжар

Журналист