Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтанда спортшы 4 жасар қызды соққыға жықты

Нұр-Сұлтанда спортшы 4 жасар қызды соққыға жықты

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қыздың анасы жарты жыл бойы күдіктімен бірге тұрғанын айтты. Ол қыз баспалдақтан құлап, бет-аузын көгертіп алды деп түсіндірген

АЛМАТЫ, 30 сәуір — Sputnik. Елордада ер адам 4 жасар баланы соққыға жықты. Бұл туралы қыздың анасы хабарлады. Ол 46 жастағы спортшы 4 жасар балаға күрестің тәсілдерін қолданғанын айтып отыр. Бірақ ер адам бала құлап жарақаттанды деп түсіндірген. Күдіктіні полиция ұстады. 

Қыз тіл алмаған соң өзін "Айдар аға" ұрғанын айтты.

Баланың анасы Виктория "Еуразия" бірінші арнасына жарты жыл бойы 46 жастағы спортшымен бірге тұрған.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=9o3Z65tfMGI[/embed]

Ер адам қыздың анасынан әлдеқайда үлкен. Баламен небәрі бір ай бұрын танысқан. Қыздың анасының айтуынша, ол баланы бұрышқа тұрғызып, ұрған. Ал әйелге баспалдақтан құлады деп айтыпты. 

"Ол құлаған жоқ! Бала таяқпен, қолмен ұрғанын айтты. Бұл сұмдық", - деді Виктория.

Әйел полицияға хабарласқан. Бірақ олар баланы өзі ұрды деп кінәлай бастапты. Ол сұхбат беруден қорыққанын айтады. Өйткені ер адам қызды балалар үйіне жіберіп, әйелді түрмеге қаматамын деп қорқытқан.

Астаналық полиция департаментінің басқарма басшысы Госман Жакин 1974 жылы туған күдікті ұсталғанын хабарлады. Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс материалдары сотқа жіберілген. Егер ер адамның кінәсі дәлелденсе, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


sputniknews.kz
Автор
Данияр