«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтанда департамент басшысының орынбасары 9 жылға сотталды

Нұр-Сұлтанда департамент басшысының орынбасары 9 жылға сотталды

Рамазанов "Астана қалалық жарық" ЖШС өкілінен 22 миллион теңге пара алмақ болған  

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаменті басшысының орынбасары пара алуға оқталғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 

Р.Рамазанов "Астана қалалық жарық" ЖШС шоттарына салынған тыйымды алу үшін 22 миллион теңге пара талап еткен.

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Сондай-ақ Есіл аудандық сотының шешімімен оның сыбайластары – елордалық әділет департаментінің атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Е.Дәулетбаев 9 жылға және аға сот орындаушысы – елордалық әділет департаментінің Алматы аумақтық бөлімінің басшысы Г.Манапова 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

Бұған дейін әділет министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен әділет департаментінің басшысы М. Әбілов атқарып отырған лауазымынан босатылған болатын.


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан