ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтанда бойжеткенді ғаламтор арқылы танысқан жігіті алғашқы кездесуінде тонап кетті

Нұр-Сұлтанда бойжеткенді ғаламтор арқылы танысқан жігіті алғашқы кездесуінде тонап кетті

Нұр-Сұлтандық азамат ғаламтор арқылы танысқан бойжеткенді бірінші кездесуінде тонап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бойжеткен жігітпен "Badoo" қосымшасында танысқан. Онлайн арқылы біраз араласқан олар кездеспек болған. Серуен кезінде жас жігіт дөрекі мінез танытып, қыздың қолынан ұялы телефонын жұлып алып, кетіп қалған. Сол күні қаскүнем мобильдік банкингті пайдаланып, сол арқылы дүкендерден тауар сатып алып жүрген кезінде бейнетаспаларға түсіп қалған. Келесі күні ұрлаған "Samsung-12" телефонын көшедегі адамға сатып жіберген", – делінген ПД хабарламасында.


28 жастағы ер адам жедел-іздеу шаралары барысында ұсталды. Оған қатысты "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында жас ер адамның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқаны анықталды.

Биыл ол кем дегенде бір адамды тонап, әйелден екі ұялы телефон ұрлап әкеткен. Қазіргі кезде ұсталған ер адамның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталуда.

“Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға ескертеді. Қоғамдық орындарда жүргенде қымбат заттарыңыз бен ірі ақшаны өзгелерге көрсетпеуге тырысыңыз”, –деді полиция қызметкерлері.

Автор
Айбар