Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтанда бастауыш сыныптар үшін сабақ болмайды

Нұр-Сұлтанда бастауыш сыныптар үшін сабақ болмайды

Бүгін елордада аязға байланысты екінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды, деп хабарлады білім басқармасы

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Сабақтың болмайтыны туралы ақпаратты бас қаланың білім басқармасы таратты.

"20 қарашада ауа райы қолайсыздығына байланысты (қатты аяз) қала мектептерінде екінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды", - делінген ведомство мәліметінде.

Бүгін таңертең де астанада 0-9 сынып оқушылары мектепке барған жоқ. Бұған таңғы минус 27 градустық аяз себеп болды.

Жуырда еліміздің бес өңірінде жабысқақ қар, көктайғақ пен ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты дабылды ескерту жарияланған болатын.

Сабақтың болмайтыны жайлы қайдан білеміз

Ескертуді білім саласындағы мемлекеттік органдар жасайды. Бірінші ауысым сағат 6:15-тен, ал екінші және үшінші ауысым сағат 12:15-тен бастап хабарланады.
Тағы оқыңыз: Синоптиктер Қазақстанда 33°С аяз болатынын ескертті


sputniknews.kz
Автор
Данияр