«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтанда ана мен бала орталығында өрт шықты

Нұр-Сұлтанда ана мен бала орталығында өрт шықты

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Өрт шыққан кезде орталық қызметкерлері дереу 200-ге жуық адамды сыртқа шығарған

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында ана мен бала орталығында өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өрт туралы хабар 7 сәуірде сағат 13.50-де түскен.

"Б" блогының жертөле қабатында электр сымы тұтанып, 0,5 шаршы метр аумақта өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келгенше орталық қызметкерлері 200-ге жуық адамды сыртқа шығарған. Өрт сағат 14.04-те ауыздықталып, 14.08-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себебі қазір анықталып жатыр. Оқиға орнында 8 адам жұмыс істеп, отты сөндіруге 2 техника жұмылдырылған. 


sputniknews.kz
Автор
Мадияр