Ерболат Досаев «Самұрық-Қазынадан» да шеттетілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтанда 1 маусымнан бастап балабақшалар ашылады - Қазақстан жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда 1 маусымнан бастап балабақшалар ашылады - Қазақстан жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда 1 маусымнан бастап балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымдары ашылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлімдеді. 

"18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмыстарын бірінші кезекте баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін, ата-аналардың қалауы бойынша "кезекші топтар" режимінде қайта бастады. Бүгінгі күні балабақшаларда балалар саны – 4134. Бұл – жалпы балалардың 7,4 пайызы", - деді  басқарма басшысы.

Сондай-ақ ол 1 маусымнан бастап елордадағы барлық мектепке дейінгі білім беру орындары мен балабақшалар қалыпты жағдайда жұмыс істеулерін бастайтынын алға тартты. 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан