Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік салынған 1000 сөмке таратылды

Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік салынған 1000 сөмке таратылды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қайырымдылық шарасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынды, оның өңірдегі барлық мешіт шама-шарқынша жалғастырып жатыр

АЛМАТЫ, 5 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Әзірет сұлтан мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мың отбасыға ауызашар сөмкесін таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Азық-түлік салынған 1000 сөмке қаладағы мұқтаж отбасыларға үлестіріліп жатыр.

"Бүгін 1000 отбасыға қайырымдылық қоржыны таратылды. Мешітке келіп немесе әкімдікке алдын ала өтініш білдірген азаматтарға тізім бойынша берілді. Өздері әкете алатын қала тұрғындары бүгін алды. Қалада "Шарапат"еріктілер тобы бар, бүгін келе алмаған отбасылардың үйіне еріктілер жеткізіп береді", - деді Әзірет Сұлтан мешітінің баспасөз хатшысы Айдос Имантай.

Оның айтуынша, бұл қайырымдылық шарасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асып жатыр.

Оқи отырыңыз: Имам ораза ұстауға мүмкіндігі жоқ адамдарға кеңес берді

"Рамазан айында ауызашар пакеттерін тарату бас мүфтидің бастамасымен қолға алынды. Бұл бастаманы өңірдегі барлық мешіт, өкілдіктер шама-шарқынша жалғастырып, ұйымдастырып жатыр",- деді басқарманың баспасөз бөліміндегілер.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде 200 отбасыға ауызашар қоржыны таратылды.


sputniknews.kz
Автор
Данияр