Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтан карантинге жабыла ма - ресми түсініктеме

Нұр-Сұлтан карантинге жабыла ма - ресми түсініктеме

Тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті желіде тараған мәліметке байланысты хабар таратты


Мессенджерлерде астана 15 қазаннан бастап карантинге жабылады деген ақпарат тарап жатыр. Денсаулық министрлігі тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласын 15 қазаннан бастап карантинге жабу және блок бекеттер орнату мәселесі қарастырылып жатқан жоқ", - деп жазылған Telegram-да жарияланған хабарламада.


 

Қазақстандықтарды әлеуметтік желідегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Жалған ақпарат тарату үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бұл бап бойынша 1000-нан 5000 АЕК (2,7 - 13,8 миллион теңге) көлеміндегі айыппұл салу немесе жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

sputniknews.kz


Автор
Данияр