НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. Қазақстан астанасының халықаралық әуежайы жолаушылардың рейске өту ережесін жариялады.
Енді Т2 терминалына вокзал маңы алаңынан кіру керек. Терминалға COVID-19 жұқтырмағанын растайтын анықтамасы (берілген күннен бастап 7 күн жарамды) бар жолаушылар ғана өте алады;
шығарып салуға келген адамдарға терминалға кіруге тыйым салынды;
анықтама мен дене қызуы терминалға кірер кезде тексеріледі;
терминалда жолаушылар бетперде және қолғаппен жүруі тиіс