"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Нұр Әлемде" медицина қызметкерлерінің суреті пайда болды

"Нұр Әлемде" медицина қызметкерлерінің суреті пайда болды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстандықтар Covid-19-бен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне деген құрметі мен алғысын осылай білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір — Sputnik. Астанадағы "Нұр Әлем" сферасында коронавирус пандемиясымен күресіп жүрген медицина қызметкерлерінің суреті пайда болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фотодан бөлек, ақхалаттыларға арналған ылғыс сөздері де жазылған. 

"Медицина қызметкерлері күн демей, түн демей демалыссыз, ұйқысыз коронавирус инфекциясымен күресіп жатыр. Өз міндетін орындап, адамдарды құтқаруда. Оларды қолдауға арналған акциялар мен челленджер әлем бойынша өтіп жатыр. QazExpoCongress те медицина қызметкерлеріне осылайша алғыс білдіруді жөн санады", - деді ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Қазақ және орыс тіліндегі жазу күн сайын кешке шығады. 

Сондай-ақ, тұрғындарды карантин кезінде үйде болуға шақыратын #үйдебол және  Biz Birgemiz жазулары да бар. 

Мұндай жазбаны министрліктер үйінде де көруге болады.


sputniknews.kz
Автор
Данияр