«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нокаутшы Батыр Жүкембаев алдағы жоспарымен бөлісті

Нокаутшы Батыр Жүкембаев алдағы жоспарымен бөлісті
29 Желтоқсан 2018, 10:45 363 0

Алматы, BAQ.KZ. Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) алдағы жылға жоспарлары мен неге басымдық беретінін айтып берді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Мұның алдында Жүкембаев жартылай орта дивизионға өтуді қарастырып жатқаны туралы хабарланған еді. Дегенімен шетелдік сарапшы Жүкембаевқа салмақ ауыстырудың қаупін айтқан еді.

"Биылғы басты мақсат - АҚШ-та жекпе-жек өткізу. Бұл карьераны дамытуға үлкен серпіліс екенін түсінеміз. Сонымен бірге титулды жекпе-жек өткіземіз деген жоспар бар. Ол үшін бір-екі тәжірибелі және салмақты қарсыласпен жұдырықтасу қажет. Осыдан кейін ТОП боксшымен кездесуге болады. Маған өз салмағымда жайлы. Рингте WBC чемпионы Хосе Карлос Рамирес, WBA чемпионы Кирилл Реллих және WBO белбеуінің иегері Морис Хукермен жұдырықтасқым келеді. Үш салмақ дәрежесіндегі чемпион Хорке Линареспен күш сынасу ерекше қызығушылық тудырады", - деп атап өтті Жүкембаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Бауыржан