Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Немерелерін алғаш рет көрген Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтановаға ел сүйсінді (видео)

Немерелерін алғаш рет көрген Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтановаға ел сүйсінді (видео)

Қазақстандық танымал актерлар Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанова жақында алғаш рет ата мен әже атанды. Олардың кенже қыздары Айым Сейтметова тұңғышын дүниеге әкелді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айым Сейтметова Instagram парақшасында ата-анасының жиенімен алғаш көріскен сәтінен видео жариялап, қалың көпшілікті тәнті етті. Онда қос әртістің жиеніне сүйсіне қарап тұрғанын көруге болады. Желі қолданушылары аталмыш бейнежазбадан кейін жұлдызды жұпқа деген жылы лебіздерін жаудырып тастады. "Атасы немересінің бетіне үңіліп қарап алып мәз ғой. Әжесі де қуанып тұр. Енді көптен бері күткен немерелері ғой. Сәби қылығы да, өзі де сондай тәтті ғой", "Қандай күшті сәт", "Өте әсерлі видео екен", "Бала секілді қуанып тұр ғой", "Қандай керемет көрініс. Нағыз есте қаларлық сәттер ғой", - деп жазуда көпшілік.

Автор
Әлихан