"Алғашқы трофей" – Футболдан Қазақстан құрамасы Африкадан келген екі елді жеңді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаевтың құдасына тиесілі McDonaldʼs қызметін уақытша тоқтатты

Назарбаевтың құдасына тиесілі McDonaldʼs қызметін уақытша тоқтатты

Қазақстанда McDonaldʼs фаст-фуд желісі жұмысын уақытша тоқтатқанын хабарлады.

McDonaldʼs хабарламасында жұмысын «техникалық себептерге» байланысты уақытша тоқтағанын жазған. Компания фаст-фуд желілері қашан ашылатынын нақты айтпады.

Қазақстандағы McDonaldʼs желісінің франчайзингі елдегі ірі бизнесмен, Назарбаев әулетінің экс-құдасы Қайрат Боранбаевқа тиесілі. Ол биыл наурызда «квазимемлекеттік секторден аса ірі көлемде қаржы жымқырды» деген күдікпен қамауға алынған.

Бұдан бөлек, наурызда Forbes журналы McDonaldʼs компаниясының Ресейден кетуі Қазақстандағы McDonaldʼs желілеріне әскер етуі мүмкін деп жазған еді. Журнал Қазақстандағы McDonaldʼs тағам дайындауға қажеттілердің басым бөлігін ресейлік тасымалдаушылардан алатынын айтқан. Ресей Украинаға соғыс ашқан соң McDonaldʼs бұл елдегі қызметін тоқтатқан еді.

McDonaldʼs желілері Қазақстанда 2016 жылы ашылған. Қазір елдің алты қаласында бұл фаст-фуд ресторандары бар.

Автор
Айбар