Елімізге белгілі ғалым, Мұрат Мыңбаев 64 жасында өкпе қабынуынан (пневмония) қайтыс болды. Бұл туралы Oinet.kz сайты жазды.
Жамбылтехнологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтын бітірген. 1990 жылға дейін оқытушы, кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер болды.
1990 жылдан «Казлегпром» ғылыми өнеркәсіптік бірлестігінде бас директордың орынбасары, Министрлер Кабинеті жанындағы АСПЭКжеңіл өнеркәсібібас директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
Алматы технологиялық институтының кафедра меңгерушісі. «Аспек-текс» ғылыми өнеркәсіптік бірлестігінің бас директоры, «Медеу» қауіпсіздендіру компаниясының вице-президенті. Меккеге қажылыққа барып қайтты.
Қазақ исламтану институтының ректоры (1999). Халықаралық мұсылмандар университетінің ректоры (2001). Қазір«Руханият» халықаралық мұсылман университетінің ректоры,114ғылыми мақалалары жарияланған. 15 патенті, 3 монографиясы бар.