Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаев республикалық маңызы бар қалалар туралы заңға қол қойды - новости Казахстана

Назарбаев республикалық маңызы бар қалалар туралы заңға қол қойды - новости Казахстана

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы конституциялық заңына қол қойды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Назарбаев. Фото: КТК арнасы

Аталған заң жобасын парламент сенаты мен мәжілісінің депутаттары мақұлдаған болатын.

Құжат президенттің "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" қаулысын орындау үшін әзірленді.

Осы құжатқа сәйкес, Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алды. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан деп өзгертілді және оның әкімшілік орталығы Шымкенттен Түркістанға көшірілді.

Жаңа заң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" және "Қазақстан Республикасындағы судьялар статусы және сот жүйесі туралы" конституциялық заңдарға өзгеріс енгізуді қарастырады.

Өзгеріс түзету сипатында болады. Мысалы, "республикалық маңызы бар қала мен астана" және "Алматы мен Астана қаласы" "республикалық маңызы бар қалалар" болып өзгертіледі.

Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали

Тағы да оқыңыздар

Автор
Әлихан