KZNews.kz
Шоу-бизнес

Назарбаев Қоры қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 50 млн теңге бөлді 

KZNEWS

Назарбаев Қоры қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 50 млн теңге бөлді. Бұл туралы orda_kz телеграм-арнасы жазады.

"Еліміздің Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша, Костенко шахтасында болған трагедияға алаңдай отырып,  Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 50 млн теңге көлемінде тікелей қаржылық көмек бөлді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұл күндері желіде шахтадағы жарылыс пен адам өлімінен кейін саясаткерлер үшін дәстүрлі көңіл айтпаған Тұңғыш Президенттің үнсіздігі талқыланды.

фото: Getty Omages

KZNEWS
Автордың басқа материалдары