Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаев қанынан вакцина жасайтыны туралы сөз рас па: Ақпарат министрлігі жауап берді

Назарбаев қанынан вакцина жасайтыны туралы сөз рас па: Ақпарат министрлігі жауап берді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қан плазмасынан коронавирусқа қарсы вакцина әзірленіп жатқаны туралы ақпарат желіде желдей есіп жүр. Осыған байланысты ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді.


"Назарбаевтың қан материалдарынан коронавирусқа вакцина әзірлеу туралы интернетте таралып жатқан  ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу мәніне сәйкес осы ақпартақа тиісті сараптама жүргізу және оның одан әрі таралуына жол бермеу жөнінде барлық шаралар қабылдау тапсырылды", - делінген ресми хатта.

Сондай-ақ, азаматтардан әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған ақпаратқа алданбауды және тек ресми дерек көздеріне сенуді сұрады министрліктің баспасөз қызметі.

Естеріңізге саламыз, жалған ақпарат таратқан тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Автор
Айбар