Егер де ондай рөлді орындамасақ, онда біздің орнымызға басқа партия келеді.
Елбасы 2050 жылға қабылданған бағдарламада Қазақстанды 30 дамыған елдің қатарына кіргізу міндетін қойғанын атап өтті.
“Барлық бағдарлама осыған байланысты. Индустриялық бағдарлама, ауыл шаруашылығы, үй құрылысы, медицина, ағарту жұмыстары – барлығы бір мүддеге жету үшін жасалып жатыр. Сондықтан бәріміздің ойымыз осы мақсатқа жету болу керек”, – деді ол.
Бұған қоса, Назарбаев 2015 жылдан бастап елімізде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру қолға алынғанын еске салды. Ол: тиімді мемлекеттік аппарат, заң үстемдігі, экономикалық өсім, болашағы бір ұлт, транспарентті және есеп беретін мемлекет. dalanews.kz