KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

“Назар жетіспегесін қатысатын қыздар”: Қуат Хамитов “Қазақ аруы” байқауын “Баян аруы” деп өзгертуді ұсынды

• Айжан Сыланова
Фото: Видеодан скриншот

Қазақстандық спортшы Қуат Хамитов Алматыда өткен «Қазақ аруы – 2026» байқауына қатысты пікір білдіріп, оның атауын өзгертуді ұсынды. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында сайысқа қатысқан бойжеткендерді де сынға алды, деп хабарлайды kznews.kz.

«Бұл байқауды «Қазақ аруы» емес, «Баян аруы» деп өзгерту керек! «Қазақ» деген сөзді айтқанда, бұл бүкіл ұлтқа, бәрімізге қатысты болады», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Хамитов ел ішінде сұлулығымен қатар тәрбиесімен де ерекшеленетін қыздардың көп екенін айтып, байқауға қатысушылардың мақсатын сынға алды.

«Біздің ұлтымызда әдемі, лайықты қыздар жетерлік. Ал бұлар назар жетіспегендіктен жүргендер. Олардың бұл байқауға не үшін қатысатынын бәріміз жақсы білеміз», – деді спортшы.

Еске салайық, 3 қарашада Алматыдағы Республика сарайында продюсер Баян Алагөзова ұйымдастырған «Қазақ аруы – 2026» ұлттық байқауы өтті. Сайысқа еліміздің әр өңірінен 22 бойжеткен қатысты.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →