"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Науқастың ұлы жедел жәрдем фельдшерін соққыға жықты

Науқастың ұлы жедел жәрдем фельдшерін соққыға жықты

Жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам мас болған


АСТАНА, 10 қараша  — Sputnik. Татарстанда тергеушілер науқастың мас ұлының жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасауын тергеп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости Тергеу комитетінің өңірлік басқармасына сілтеме жасап.

"Бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу кезінде 6 қарашада Набережные Челны қаласында жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасалғаны туралы дерек анықталды. Соған байланысты тергеу алды тексеріс жүргізіліп жатыр", — делінген хабарламада.

Тергеу басқармасы атап өткендей, БАҚ көздеріндегі ақпаратқа сәйкес жедел жәрдем түн ішінде қоңырау келген пәтерге барады. Дәрігерлердің көмегіне зәру ер адамды қарап жатқан кезде, оның мас ұлы фельдшердің бетінен ұрып жіберген. Медициналық қызметкерлер құқық қорғау органдарына жүгінді. Оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамды сабасына түсіріп, дәрігерлер науқасқа жәрдем көрсетті.

Қазір болған жайттың анық-қанығын білуге бағытталған шаралар атқарылып жатыр.


Автор
Мадияр