"Изолятор сияқты": Қостанай облысында да жазғы лагерьден шу шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда 22 жасар курьер жедел жәрдем көлігіне соқтығысып, мерт болды

Алматыда 22 жасар курьер жедел жәрдем көлігіне соқтығысып, мерт болды
Фото: zakon.kz

Алматыда жедел жәрдем көлігі мен электрлі велосипедтің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 2004 жылы туған жігіт қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм жеткізу қызметінде курьер болып жұмыс істеген, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы оқиға 1 шілдеге қараған түні Райымбек даңғылындағы Өтеген батыр және Емцов көшелерінің арасындағы BRT желісі салынып жатқан аумақта болған.

Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігі мен электрлі велосипед бетпе-бет соқтығысқан. Ауыр соққыдан кейін электрлі велосипед жедел жәрдем көлігінің астына кіріп кеткен. Жас жігіт алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі оқиға кезінде арнайы көліктің жарқылдауық шамдары қосулы болғанын айтты. Оның сөзінше, электрлі велосипед жүргізушісі бастапқыда жолдың ортасымен қозғалып, кейін қарсы бағытқа шығып кеткен.

Жүргізуші жол апатын болдырмау үшін көлікті жолдың бөлгіш жолағына қарай бұрып, тежегішті басқанын, алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмағанын жеткізді.

Қазіргі уақытта жол апатының нақты себептері мен мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.