"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Нашар адам»: Ақбота Керімбекова Жанар Айжановаға ренжігенін жасырмады (ВИДЕО)

«Нашар адам»: Ақбота Керімбекова Жанар Айжановаға ренжігенін жасырмады (ВИДЕО)

Кадрлардан Керімбекованың Айжановаға өкпелеп отырғанын байқауға болады. 

Әнші Ақбота Керімбекова туған күніндегі қызықтарын оқырмандарымен бөлісіп, желіге жүктеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол өнердегі әпкесі Жанар Айжановамен түскен видеосын жариялады. Кадрлардан Керімбекованың Айжановаға өкпелеп отырғанын байқауға болады. 

"Осылар менің туған күнімді ұмытып кеткен негізі. Осыларды да әріптестер деп айтады негізі. Біреуі құттықтаған жоқ қой. Нашар адамдар бар ғой", - деді Ақбота Керімбекова. 

Алайда кадр соңында Жанар Айжанованың туған күн иесін құттықтап, 20 мың теңге сыйлығын бергенін байқауға болады. 

"Еркелесек еркелігімізді, қалжыңдасақ қалжыңымызды көтеретін Жанардай әпке кімде бар? Әрине, бізде ғана! Кеше Сыр елінде @an_men_anshi.kz - нің гастрольдік сапары басталғаны белгілі. Сахнаға шығатын кезегіміз келгенше көптен кездеспеген әріптестермен қауышып, бір жасап қалдық. Зілі жоқ әзілімізбен сіздермен де бөлісіп қояйық. Жасай беріңіз, Жанар Айжанова", - деп жазды ол. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.